Әдебиет саласы бойынша Нобельдік сыйлықты перуандық Марио Варгас Льоса алды
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Әдебиет саласындағы 2010 жылғы Нобельдік сыйлық испантілді танымал жазушылардың бірі перуандық Марио Варгас Льосаға тағайындалды.
Осы шешімін жария еткен Швецияның Ғылым академиясы, жазушы жасап отырған «билік құрылымының картографиясына» және жеке тұлғаның қарсылығының, бүлігі мен жеңілісінің ерекше образдарына жоғары баға берді, деп хабарлайды ВВС агенттігі.
Марио Варгас Льоса - 1982 жылдан бері колумбиялық Габриэль Гарсиа Маркестен кейін Нобельдік сыйлық алып отырған алғашқы оңтүстікамерикандық жазушы.