Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы швед ақыны Тумас Транстремерге берілді
АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының 2011 жылғы лауреаты болып швед ақыны Тумас Транстремер атанды.
Жүлде мынандай сипаттамамен берілді: Транстремер «өзінің қанық әрі ашық образдарымен шындыққа деген жаңа көзқарас қалыптастыра алды». Лауреаттың есімін 6 қазанда Стокгольмде Нобель комитетінің төрағасы Петер Энглунд жариялады, деп жазады Лента.ру.
Букмекерлер Тумас Транстремерге 2011 жылғы Нобель сыйлығы иегерлерінің арасындағы үздігі деген баға берді. Жеңіске бір табан қалған үміткерлердің арасында сириялық ақын Адонис пен жапониялық жазушы Харуки Мураками бар.
Жүлденің көлемі 10 млн, швед кронына тең (шамамен 1,4 млн. доллар). Ресми марапаттау салтанаты 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді.