Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы лауреатының есімі 8 қазан күні белгілі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы лауреатының есімі 8 қазан күні белгілі болады. Бұл туралы Швеция академиясынан, жоғары сыйлықтың кімге бұйыратынын шешетін Нобель комитетінен хабарлады.

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы лауреатының есімі 8 қазан күні белгілі болады

Жазушы немесе ақынның есімін алғаш рет Швеция академиясының жаңа тұрақты хатшысы Сара Даниус атайды. Бұл Стокгольмнің Ескі қаласындағы Биржа ғимаратында жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де өтеді.

Өткен жылы бұл саладағы сыйлыққа Франция жазушысы Патрик Модиана ие болған еді.

Фото: © EPA/BERIT ROALD