Әдебиетшілер арасында «Алтын тобылғы» байқауы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдебиетшілер арасында «Алтын тобылғы» байқауы жарияланды, деп хабарлайды «Әдебиет порталы».
None
None

«Алтын тобылғы» әдеби жүлдесін беру мақсаты қазіргі заманғы қазақ әдебиетін дамыту және насихаттауға көмек көрсету болып табылады. Жүлденің ұйымдастырушысы және құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры болып табылады.

Жүлде конкурстық негізде келесі номинациялар бойынша беріледі: «Жылдың үздік прозасы»; «Жылдың үздік поэзиясы»; «Жылдың үздік драматургиясы»; «Жылдың үздік балалар әдебиеті»; Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясына арналған үздік шығарма»;

Жеңімпаздарға «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық беріледі. Ал «Мәңгілік ел» номинациясы бойынша жеңімпазға 1,5 миллион теңге мөлшерінде арнайы жүлде тағайындалады.

Конкурстық жұмыстарды ұсыну мерзімі 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қарашаға дейіна, қортыныдысы 2015 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады. Конкурсқа 18 жастан бастап 35 жасқа дейінгі жас әдебиетшілердің қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинация бойынша қатыса алады.

Өтінім пошта арқылы келесі мекенжайға: 010018, Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры, сондай-ақ электрондық [email protected]. мекенжайына жіберіледі.

Қолжазбаларды және жеңімпаздарды (лауреаттарды) бағалауды Қазақстанның белгілі жазушылары мен ақындарынан, сондай-ақ кемінде 7 мүшеден тұратын жүлде құрылтайшысының және әріптестерінің, баспа қызметінің өкілдерінен құратын конкурстың қазылар алқасы жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар