Әдебиеттану деңгейі төмендеп бара жатыр - Мұрат Әуезов

АЛМАТЫ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әдебиеттану деңгейінің төмендеуі кейін үлкен опық жегізуі мүмкін.
None
None

"Мұхтар Әуезов" қорының президенті Мұрат Әуезов "Қазіргі әдебиеттану, өнертану және фольклортанудың өзекті мәселелері" деп аталатын халықаралық ғылыми-теориялық конференция қарсаңында ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

Мәдениеттанушы ғалымның пайымдауынша, ұлт қайраткерлерін зерттеуде бізде әлі де жүйелі түрде ізденістер болмай жатыр. Соның салдарынан көп асыл дүние ұмыт болып, тек қана науқан мен мерейтой болғанда ғана оған көңіл бөлінуде.

"Мұндай шараны соңғы 3-4 жылдың ішінде "Мұхтар Әуезов" қоры өз хал-қадірінше жүргізіп келе жатыр. Жүйелі түрде Мәскеу, Санк-Петербор, Ташкент сияқты әкеміздің болған жерлерінде болып, мұрасын іздеп жүрміз. Мәселен, өзімнің мұрағатымнан ешбір жерде шықпаған, Мұқағалидың өз қолымен жазған Мұхтар Әуезовке арнаған өлеңін, сондай-ақ Дантенің "Тәңірдің тәлкегі" туындысы туралы ойлары және бұл шығарманы қалай аудару керектігі туралы өз қолымен жазған жазбаларын тауып алдым. Мұқағалидың мұрасын жинайық деп біреу жұртшылыққа үн тастаса, оны әрине апарып берер едім. Сондықтан оның көшірмесін ҚР Тұңғыш Президенті қорына берейін деп отырмын", - деді М.Әуезов.

Соңғы жаңалықтар