Әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдебиет саласында 2017 жылғы Нобель сыйлығы Жапонияда туған британдық Кадзуо Исигуроға берілді. Ол «көп көңіл-күй күштері бар романдарында адамды әлеммен байланыстыратын елес сезімімізді тартып кететін тұңғиықты ашты». Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі Швед академиясының тұрақты хатшысы Сара Даниусқа сілтеме жасап хабарлады.
Альфред Нобельдің (1833-1896 жж.) өсиетіне сәйкес, бұл саладағы сыйлық «идеалистік бағыттағы үздік әдеби туындының» авторына берілуі тиіс.
Өткен жылы әдебиеттен Нобель сыйлығын америкалық ақын және музыкант Боб Дилан алған болатын.