Аден қаласының мэрі лаңкестер қолынан қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемендегі Аден қаласының мэрі Джафар Саад елдің оңтүстігінде лаңкестер қолынан қаза тапты, деп хабарлады «Reuters» агенттігі.
None
None

Алдын ала дерек бойынша, белгісіз біреулер Саад мінген кортежге оқ жаудырған. Жарылыс кезінде оның алты қорғаушысы да қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости. Оқиға жайлы толыққанды ақпарат жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар