Әдеп кеңесі Павлодар облыстық ДСБ басшысының орынбасарын қызметінен босатуды ұсынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ержанов 1,8 млрд теңгелік медициналық техниканы сатып алуға арналған тендерді заңсыз түрде тоқтатып тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Лауазымды қызметінен босату - кезекті отырыста Әдеп кеңесі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ержановқа қатысты осындай шешім шығарды», - деп хабарлайды департамент өкілдері.

Тәртіптік іс материалдарына сүйенсек, Ерлан Ержанов құны 1,8 миллиард теңгелік медициналық техниканы сатып алу бойынша тендерді заңсыз түрде тоқтатқан.

«Тендер жарияланғаннан кейін заңбұзушылықтар жөнінде денсаулық сақтау басқармасына екі өтінім келіп түскен. Олардың өтініштеріне берілген жауап бойынша денсаулық сақтау басқармасы конкурстық құжаттаманы қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірген. Осыған байланысты дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұйымдастыру және сатып алу ережелеріне сәйкес, тендер өткізуге ешқандай шектеулер болмауы керек еді», - деді департаменттің бас маманы.

Ерлан Ержановтың айтуынша, Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі бұл тендерден бас тартып, оған медициналық құрылғылардың тізімі енгізілген флеш-картаны берген.

«Ержанов Ерлан Кенжебайұлы флэш-картада көрсетілген медициналық құрылғылардың тізімін зерттеп, олардың конкурста жарияланған медициналық техниканың тізіміне сәйкес келмеуіне байланысты конкурсқа өзгертулер енгізуден бас тартқан. Сонымен бірге, Ержанов ереже талаптарын бұзып, тендерді негізсіз тоқтатқан. Мемлекеттік сатып алу сайтында тендердің тоқтатылғанын жариялаған. Дегенмен денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы конкурстың тоқтатылғаны туралы ешқандай ұйғарым жазбай, бәрі заңға сәйкес жасалғанын алға тартқан» , - делінген хабарламада.

Осыған қарамастан, Ерлан Ержанов тендердің күшін жою туралы бұйрық бермей-ақ оны тоқтатып тастаған. Сонымен қатар, тендерді болдырмаудың себептерін түсіндіретін жадынама да болмаған. 4 қыркүйектегі сотқа дейінгі тергеу барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің мемлекеттік аудиторының қорытындысына сәйкес, Ержанов қол қойған және облыстық денсаулық сақтау басқармасының сайтында жарияланған хабарлама негізінде бұл тендерді жою заңсыз болып танылды.

«19 тамызда Ерлан Ержанов денсаулығына байланысты демалысқа кеткен. Осылайша, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндеті оның орынбасары Сәуле Ескендірқызы Арыстановаға жүктелді. Осыдан кейін Аманолла Қозыбаев Арыстановаға медициналық жабдықтардың тізімін және оларға арналған техникалық сипаттамаларды қамтитын флэш-картаны ұсынады. Алайда 31 тамызда сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің қызметкерлері медициналық жабдықтар мен олардың техникалық мәліметтері туралы бұрмаланған мәліметтерді тендерлік құжаттамаға енгізе отырып, денсаулық сақтау басқармасы мен облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетінің жолын кескен», - деп хабарлады департаменттен.

Сонымен қатар, хатшылықтың бастамасы бойынша Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау департаменті Ерлан Ержановтың науқастық демалыста негізді түрде шығуына тексеру жүргізді.

«Осылайша, Ержанов Ерлан Кенжебайұлының тәртіптік теріс қылығы мен Еңбек кодексінің бабын бұзғаны белгілі болды. Еңбек кодексінің 52-бабы бірінші пунктіне сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің жұмыста себепсіз болмауына байланысты келісімшартты бұза алады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар