Әдетте билікті сынап жүрген азаматтардың сайлауға түсіп жатқаны олардың реформаға сенімін білдіреді - Ерлан Қарин

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы сайлаудың алғышарты өткен жылдың наурыз айында, яғни, Президент өз Жолдауында саяси реформалардың жан-жақты бағдарламасын ұсынғанда қаланған. Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин сайлау жөнінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бір жылға жетпейтін уақытта партиялар үшін шынайы бәсекелестік орта қалыптасып, азаматтардың Парламент пен мәслихаттарға өзін-өзі ұсынуына жол ашылды.

«Мұны қолда бар статистика да дәлелдеп отыр» дейді Ерлан Қарин.

Мысалы:

- Парламент сайлауына барлық жеті саяси партия қатысып жатыр. Оның екеуі партия туралы заңнамаға өзгерістер енгеннен кейін тіркелді.

Сондықтан партиялар арасындағы бәсеке бұл сайлау кампаниясының негізгі элементі болмақ.

- Мәжіліс депутаты болуға партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша барлығы 892 азаматтың кандидатурасы ұсынылды (орта есеппен 1 мандатқа 9 үміткерден келеді)

Сайлауға қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділердің көптеп қатысып жатқаны (оның ішінде, әдетте билікті сынап жүрген азаматтар да бар) олардың жүргізіліп жатқан реформаларға сенімі мен қолдауын білдіреді.

«Елімізде соңғы жылдары орын алған барлық өзгерістерді, барлық жаңашылдықтар мен реформаларды жұртшылықтың қызу қолдап отырғанын халық арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер де көрсетіп отыр. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше, қазақстандықтардың 71,7 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды», - деп жазады Мемлекеттік кеңесші.


Соңғы жаңалықтар
telegram