Adidas Германия футбол командасының формасындағы 44 нөмірінен бас тартты
АСТАНА.KAZINFORM - Adidas футболдан Германия ұлттық құрамасының киіміндегі даулы нөмір дизайнынан бас тартуға шешім қабылдады. Ол - «44» нөмірлі футболка. Цифр дизайны тыйым салынған «SS» таңбаларына ұқсас.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Германияда нацистік ұйымдар мен олардың рәміздеріне тыйым салынды. «СС» (SS аббревиатурасы) Schutzstaffel — 1933-1946 жылдары Германиядағы «қауіпсіздік бөлімшелері» — Ұлттық социалистік неміс жұмысшы партиясының (НСДАП) әскерилендірілген күштері болды.
«44» нөмірінің дизайны аталған символға ұқсайтын болып шықты. Осыдан кейін Германия құрамасының бірде-бір ойыншысы бұл нөмірді тақпайды деген шешім қабылданды. Осылайша, Еуропа чемпионатында Германия құрамасының құрамында «1» — ден «23» — ке дейінгі нөмірлер болады.
Ал, Bild басылымы Adidas интернет-дүкені тұтынушыларға футболкаларды өздерінің аты мен нөмірімен жекелендіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Adidas интернет-дүкенінде «Лидер» немесе «Гитлер» сияқты нацистік терминдерді қолдануға тыйым салынған, себебі олар Adidas жекелендіру нұсқауларына сәйкес келмейді.
«Алайда, клиенттер Геббельс (Гитлер кезіндегі нацистік режимнің үгіт-насихат министрі) немесе Геринг (Гитлер кезіндегі экономика министрі) сияқты фамилияларды таңдай алады», — деп жазады неміс басылымы.