Әділ Бөрлібаев Азия теннис федерациясының вице-президенті болып тағайындалды
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - 28-30 тамыз күндері Теһранда Азия теннис федерациясының есеп беру, сайлау конференциясы өтті, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Алқалы жиынның күн тәртібіне АТФ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау мәселесі қойылып, Қазақстан тарабынан аталған кеңес мүшелігіне ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Әділ Бөрлібаев кезекті мәрте кіріп отыр. Сонымен қатар ол Азия теннис федерациясының даму және жасөпірімдер теннисі жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.
Айта кетерлігі, аталған лауазымға Қазақстан өкілі алғаш рет тағайындалып отыр.