«Әділ сайлау үшін» штабына шағым түскен жоқ - Бауыржан Мақұлбаев
Спикер қайта сайлау құқығынсыз 7 жылдық президенттік мерзім - посткеңестік кеңістіктегі абсолютті жаңалық екенін атап өтті.
«7 жыл президенттік мерзім сайланған кандидатқа өз бағытын жүзеге асыруға толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді және президенттік билікті монополиясыздандыруға бағытталған конституциялық реформаның жалғасы болып табылады», - деді Бауыржан Мақұлбаев.
Оның айтуынша, сайлау күні «Әділ сайлау үшін» штабына ешкімнен арыз-шағым түскен жоқ.
«Десе де, қоғам өкілдері барған сайлау учаскелерінде ескертулер болды. Мысалы, дауыс беру кабиналарының біріне ерлі-зайыптылар бірге кірген, бұл жағдайға байланысты анықтау барысында жұбайы мүгедек болып шықты және заңға сәйкес, оған сенімді тұлғаның көмегі қажет еді»,- деді спикер.
Сонымен қатар, ол қыркүйек айында құрылған «Әділ сайлау үшін» бірлестігінің құрамында тек заңгерлер ғана емес, нотариустар, қорғаушылар және 400-ге жуық түрлі маман иесі бар екенін еске салды.