15:26, 22 Қазан 2013 | GMT +5
Әділбек Ниязымбетов Әлем чемпионатының келесі кезеңінің жолдамасын ұтып алды
АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы 81 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатында ширек финалға шығу үшін Косово спортшысы Арменд Хохаймен кездесті, деп хабарлады Sports.kz.

Ниязымбетов төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.
Осыған дейін ширек финалға шығу үшін Біржан Жақыпов (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Берік Абдрахманов (60 келі), Мерей Ақшалов (64 келі) және Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) сынға түскен болатын.