Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әділбек Ниязымбетов бастаған 6 боксшы Польшадағы турнирде финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Варшавада (Польша) бокстан Феликс Штамм-2018 турнирінің барлық салмақ санаты бойынша жартылай финалдық бәсекесі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Әділбек  Ниязымбетов бастаған 6 боксшы Польшадағы турнирде финалға шықты

 Жарыс қорытындысы бойынша финалға алты қазақстандық: Илияс Сүлейменов, Бекдәулет Ибрагимов, Асланбек Шымбергенов, Абай Төлеш, Әділбек Ниязымбетов және Антон Пинчук шықты.

Жартылай финалдық айқастың қорытындысы:

56 кг. Илияс Сүлейменов (Қазақстан) - Дюк Рэган (АҚШ) - Сүлейменов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.  

64 кг. Бекдәулет Ибрагимов (Қазақстан) - Ганбаатар Баярхуу (Моңғолия) - Ибрагимов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.   

69 кг. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Магомед Щачидов (Германия) -Шымбергенов төрешілердің жеке шешімдерімен жеңіске жетті.

75 кг. Абай Төлеш (Қазақстан) - Хавьер Мартинес (АҚШ) -  Төлеш те төрешілердің жеке шешімдерімен жеңіске жетті

 81 кг. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан)  - Шон Хемфилл (АҚШ) - Ниязымбетов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

91 кг. Антон Пинчук (Қазақстан)  - Юрий Гавел (Чехия) -Пинчук төрешілердің жеке шешімдерімен жеңіске жетті.

+91 кг. Айболды Дәуренұлы (Қазақстан)   - Магомед Омаров (Ресей) -Омаров төрешілердің жеке шешімдерімен жеңіске жетті.