Әділбек Ниязымбетов Қазақстанға Азиаданың 25-ші «алтынын» әперді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Инчхонда боскшілер турнирі аяқталады. Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Әділбек Ниязымбетов 81 келіге дейінгі салмақ санатында ринг қожайыны оңтүстіккореялық спортшы Хьёнкь Киммен кездесті, деп хабарлады sports.kz.

Әділбек Ниязымбетов Қазақстанға Азиаданың 25-ші «алтынын» әперді

Әділбек қарсыласын 2:1 (28:29, 29:28, 29:28) ұпаймен жеңіп, Қазақстанға ойындардағы 25-ші алтынды әперді. Инчхонда ұлттық құрама қоржынына барлығы 77 медаль түсті.