Әділбек Сәрсенов Қазақстан Интернет қауымдастығын дамыту бойынша вице-президент болып тағайындалды

2012 жылдың 11 мамырында Алматыда «Қазақстан Интернет қауымдастығы» ЗТБ мүшелерінің кезекті кеңесі өтті. Кездесудің қорытындысы бойынша қоғамдық бірлестіктің жаңа мүшелері бекітіліп, басшылық құрамға өзгертулер жасалды.
Жалпы кеңестің шешімімен 11 мамырдан Әділбек Сәрсенов «Қазақстан Интернет қауымдастығы» ЗТБ-ны дамыту бойынша вице-президент қызметіне тағайындалды.
Әділбек Сәрсенов 1996 жылы «Радиотехника» мамандығы бойынша Алматы энергетикалық институтын, 2006 жылы «Халықаралық компанияларда жалпы менеджмент» мамандығы бойынша Кембриджде (АҚШ) Халықаралық бизнес мектебін тәмамдаған.
Шетел келісімен ол телекоммуникациялық активтерді басқару бойынша «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингіне» шақырылды, ол жерде 2007 жылдан 2010 жылға дейін жұмыс істеді.
2008 жылдан 2010 жылға дейін «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингінің төрағасы болды.
2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін телекоммуникациялық активтерді басқару бойынша «Amun Capital Advisors KZ» ЖШС-де директор қызметін атқарады.
"Қазақстанның Интернет қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі - 2009 жылдың шілде айында желінің қазақстандық сегментінің инфрақұрылымын жақсарту, ортақ ережелер құру және индустрияда бар мәселелерді анықтау бойынша бірлескен жұмыс үшін Қазақстанның интернет-қауымын нығайту мақсатында құрылды.