Әділбек Жақсыбеков елорданы жылу және энергиямен қамтитын кәсіпорындарды аралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қаланы жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жауапты бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ол ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің жұмысын тексерді, нысандарда күз-қыс маусымына дайындық аясында жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарымен, сонымен қатар ЖЭО-3 нысанының құрылыс жұмысымен де танысты.
Қазіргі кезде ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 Астананы жылумен қамтуға 100% дайын, ал күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда (басты қондырғы істен шықса) жұмысты үздіксіз жалғастыру үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен құралдар бар.