Әділбек Жақсыбеков келісілген матчтарға қарсы күрес жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футбол клубтары мен спорт төрешілері таза және әділ ойын туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл кәсіпқой футболдағы маңызды мәселе. Ондай оқиғалар болған. Біз келісілген матчтарға қарсы күрес комиссиясын құрамыз. Бұрын ондай комиссия болған, бірақ ол белгісіз себептермен тарап кетіпті. Егер келісілген футболдың қандай да бір белгілері байқалатын болса, оның жазасы қатты болады. Ертең ескертпеді деп ренжімеңіздер, дәлеліміз болса ешқандай кешірім болмайды»,-деді Ә.Жақсыбеков.
Бұған дейін ол жемқорлыққа батқан Қазақстан футболы үшін шетелдік легионерлердің келмей жатқанын айтқан болатын. Олар ешқандай ақшаға да келіспей қойған.