Әділбек Жақсыбеков ресми түрде ҚФФ президенттігінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан футбол федерациясының XI кезектен тыс конференциясы өтті, онда Әділбек Жақсыбековтің Федерация президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Әділбек Жақсыбеков ресми түрде ҚФФ президенттігінен кетті

Бұл туралы sports.kz. хабарлады

«Құрметті әріптестер, мен Қазақстан футбол федерациясына келгенде, алдыма футболда сол кездері орын алған мәселелерді реттеу міндетін қойғанмын. Қазақстандық футболды қалыптастыру барысында ауқымды істер атқарылды, бұл тарихта өзіндік орны бар кезең болды.

Бүгін жағдай басқаша, футболды ұйымдастыру басқа спорт түрлерінен ерекше үлкен индустрияға айналды. Маркетинг, жанкүйерлермен жұмыс, қомақты қаржы ағыны - барлығы қыруар жұмысты қажет етеді», - деп хабарлады Ә. Жақсыбеков.

Өздеріңіз білесіздер, бұл жұмыста міндетім стратегиялық шешімдерді өңдеу, әкімшілік ықпалды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында көмек көрсету болды. Қазір бәрі реттелді. Футболды бұл істі тұрақты атқара алатын тұлға басқаруы тиіс. Өткенге көз жүгіртсек, талай жолдан өтіппіз. Осы уақыттың ішінде бір үлкен жанұядай болып кеттік. Қолдағандарыңыз үшін алғысым шексіз, - деп атап өтті өз сөзінде Ә. Жақсыбеков.