Әділбек Жақсыбеков туған күнін таңғы жүгіруден бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бизнесмен Айдын Рахымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына бүгінгі таңғы жүгірудің фотоларын жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әділбек Жақсыбеков туған күнін таңғы жүгіруден бастады

«Бүгін кімді көрдік деп ойлайсыз? Таңғы сағат 6.30-дағы жаттығу кезінде біраз адамдарды кездестірдік. Айтпақшы,үлкендер жақсы бастамаға ұйытқы болып отыр. Туған күнде бірге жүгіреді», - деп жазды Рахымбаев.

Фотоларда ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішевті көруге болады.
null 

Айта кетейік , бүгін Әділбек Жақсыбеков 63 жасқа толып отыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Рыскелдіұлының өкілеттілігін зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2022 жылғы 26 шілдені қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартқан болатын.