«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі іске қосылды
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі мен Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Қазақстанның ұлттық заңнамасымен онлайн режімде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қоғамдық маңызы зор жоба «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесін іске қосты.
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі - іздестіру мүмкіндіктері мен ыңғайлы заманауи интерфейсі бар технологиялық кешен. Шапшаң және логикалық навигация әр түрлі дайындық деңгейіндегі пайдаланушылар үшін онда жұмыс істеудің қолайлылығын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы алуан түрлі іздестіру мүмкіндіктерін қолдана отырып, нормативтік жиымда жалпы, сонымен бірге оның жеке бөлімдерінде бағдарлана алады, сондай-ақ өздігінен тақырыптық іріктелім қалыптастыра алады.
Деректер базасында бақылаулы күйде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 116 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акті қамтылған.Жүйе ақпараттық жиымды күн сайын жаңарта отырып, тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Әзірленген «Әділет» АҚЖ азаматтардың толық, өзекті, жүйелендірілген әрі тегін құқықтық ақпаратты алуы үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етеді.