07:31, 11 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Әділет департаменті көмекке зәру жандарға қайырымдылық жасады - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордада еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу мерекесіне орай Әділет органдары көмекке мұқтаж көп балалы үш отбасына көмек көрсетіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың ішінде 5 бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана М.Ильжанова мен жолдасы І топ мүгедегі әрі 6 бала тәрбиелеп отырған Н.Жасмамбетова бар. Осы екі отбасы азық-түлікпен қамтылып, барлық отбасына мереке қарсаңына сыйлық ретінде планшет табысталды және жалғыз басты ана І-топ мүгедегі А.Шайманованың үйіне көмір түсірілді.
«Қайырлы істің қайтымы бар» демекші, осылайша департамент қызметкерлері Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы алдында кем көңіл жандарды бір қуантып тастады.