Әділет, Мәдениет министрліктері «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын әзірлеудің мақсатқа лайықтылығы туралы ұсынысты қарауды бастады

АНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Әділет, Мәдениет министрліктері «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын әзірлеудің мақсатқа лайықтылығы туралы ұсынысты қарауды бастады.

Әділет, Мәдениет министрліктері «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын әзірлеудің мақсатқа лайықтылығы туралы ұсынысты қарауды  бастады

Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәсилхатында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта ұлттық-патриоттық қоғамдық бірлестіктер тарапынан «Мемлекеттік тіл туралы» Заң жобасын әзірлеуді қарау мәселесі көтерілген.

«Соңғы кезде қоғамда қазақ тілін дамыту мәселесінің көтерілуін назарға ала отырып, Әділет министрлігі Мәдениет министрлігімен бірлесіп, «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын әзірлеудің орындылығы туралы ұсынысты қарауды бастады», - деді Е.Ерімбет.

Айта кетейік, бұл мәселе 2008 жылы да көтеріліп, Қазақ гуманитарлық заң университеті тиісті Заң жобасын әзірлеген болатын. Онда белгілі бір адамдардың мемлекеттік тілді міндетті түрде білу талабын бекіту ұсынылған еді.