Әділет министрі Елбасының Жолдауында айтылған негізгі қағидаттарға арналған кеңес өткізді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиында Әділет министрі ІІБ-ның ұжымы алдында сөз сөйлеп, еліміздің экономикалық сипаттарына шолу жасады. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі әлеуетті бағыттарын айтып берді. Сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған құқық қорғау жүйесінің ведомствоішілік мүдделерін азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға аудару міндеттеріне тоқталды.
Астана қаласы ІІД-нің бастығы Марат Демеуов атап көрсеткеніндей, кеңестің басты мақсаты ішкі істер органдарының бірлесе отырып, Елбасы Жолдауындағы міндеттерді іске асыру бойынша іс-қимылдарды өзара үйлестіру болып табылады.
Р. Түсіпбековтың айтуынша, министрліктің және құқық қорғау органдарының алдында ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында көрсеткен кәсіпкерлік ортаны нығайту, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, құқықтық саланы оңтайландыру және құқық қорғау органдарының жұмысын реформалау сынды міндеттер тұр. Сондықтан аталмыш мақсаттарды орындауда ведомстволардың жұмылып, бірлескен іс-қимыл жасаулары аса маңызды екендігіне баса назар аударды.