Әділет министрі Президенттің жақын туыстарына кімдер кіретінін айтты

«Заңнамада жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама да жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгілейді. Өз кезегінде, Президент Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі айқындалып, оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар жатқызылған», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Қанат Мусиннің мәліметінше, жаңа заң күшіне енгеннен кейін Президенттің ағасы, әпкесі, балалары ұлттық компанияларға басшылық қызметке орналаса алмайды.