Әділет министрі сараптама кезіндегі артық шығындарды атады

Саладағы қарама-қайшылыққа тоқталған министр, «Осы орайда сараптаманы бір орган тапсырса, ал оның төлемін басқасы іске асырады. Соттар мен құқық қорғау органдары кейде керексіз сараптамаларды тағайындайды, сонымен қатар аяқталған зерттеулер түрлі себептермен сұрауы жоқ күйінде қалады. Атап айтқанда, тергеушілер мен сот түріндегі тапсырыс берушілер сараптама құны туралы кей кезде ойланбайды. Алайда бұл мәселеде олардың кінәсі жоқ», - деп тоқталды М. Бекетав Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Оның сөзіне қарағанда, бұл бизнес-процесс нәтиже шығыстарымен өзара байланбаған әрі келісілмеген. Сондықтан да кез келген экономикалық модель үшін залалын тигізеді.
«Осы орайда біз кезең-кезеңмен тиісті тетікті енгізіп, бұл бағытта соттар мен тергеушілер жүргізілетін сараптамалардың құнын ескеретін болады. Бұл қадамдар бюджет қаржысын ұқыпты пайдалануға және шамадан тыс сараптама санын қысқартуға мүмкіндік береді. Бірінші қадам жасалды. 2017 жылы Ішкі істер министрлігімен бірлескен бұйрыққа қол қойдық, яғни құжат аясында өзара салыстыру шараларын іске асырудамыз», - деп түйіндеді сөзін министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Марат Бекетаев Әділет министрлігі сот сараптама қызметінің моделін өзгерту туралы күрделі шешім қабылдағанын жеткізді. Қайта жаңғыртудың мәні жаңа тетіктерді құру мен ескілерін өзгертуге негізделген.