Әділет министрі журналистердің Сенаттың жертөлесінде жұмыс істеуіне пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Қанат Мусин журналистердің Сенат ғимаратының жертөлесінде жұмыс істеуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде тілшілер министрден Сенат ғимаратында журналистердің жертөледе отырып жұмыс істегеніне қатысты пікірін сұрады.

Әділет министрінің айтуынша, бұл заңға қайшы емес.

«Әр орган журналистермен жұмысын ұйымдастырғанда өз ережесін шығарады. Мұнда журналистерге депуттармен қатынасып, сұрақ қоюға ешқандай шектеу қойылып отырған жоқ. Яғни әр мекеменің өз тәртібі болады. Мұның заңға ешқандай қайшылығы жоқ»,- деп жауап берді Қанат Мусин.

Сондай-ақ, ол БАҚ туралы жаңа заң әзірленіп жатқанын еске салды.

«Президенттің Жолдауын іске асыру үшін бұқаралық ақпарат құралы туралы жаңа заң шығарылады. Заң жобасы пысықталып жатыр. Қоғам мен журналистер тарапынан көтерілген мәселелер, Президент нұсқаған бағыттардың бәрі сол заң жобасында көрсетіледі», - деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, Мәжіліске қайтарылған болатын.


Соңғы жаңалықтар