Әділет министрлігі 14 наурыздан бастап жеке сот орындаушылардан лицензия алуға құжаттар қабылдай бастайды

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Әділет министрлігі 14 наурыздан бастап жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия алуға азаматтардан құжаттар қабылдай бастайды.

Әділет министрлігі  14 наурыздан бастап   жеке сот орындаушылардан   лицензия  алуға     құжаттар  қабылдай  бастайды

«ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті 2011 жылдың 14 наурызынан бастап жеке сот орындаушысы қызметінен үміткер азаматтарға лицензия беру бойынша құжаттар қабылдаудың басталатынын мәлім етеді», - делінген Әділет министрлігінің ресми хабарламасында.

Жеке сот орындаушысы қызметінен үміткер мамандарға бірнеше талап қойылып отыр. Атап айтқанда, олар Қазақстан азаматы болуы, 25 жасқа толуы, біліктілік емтиханын тапсыруы, бір жылдық тағылымдамадан өтуі, лицензия алуы және конкурстық іріктеуден өтуі керек.

"ҚР Сот орындаушыларының мәртебесі және атқарушылық іс жүргізу туралы» заңға сәйкес, лицензия тұрақты судьяларға, өз міндетін атқару кезінде заң бұзғаны және атына кір келтіретін әрекеттері үшін қызметтерінен босатылған судьялардан басқа тұлғаларға, бесжылдық еңбек өтілі бар атқару өндірісі қызметкерлеріне, прокуратура органында 10 жыл еңбек өтілі бар іс басындағы прокурорларға беріледі. Лицензияға ие болған азаматтар үш жылда бір рет аттестациядан өтуге міндетті.