Әділет министрлігі әділет органдарының жоспардан тыс тексеру жүргізу процедурасы бойынша заңға өзгеріс енгізуге мүдделі

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Әділет министрлігі әділет органдарының жоспардан тыс тексеру жүргізу процедурасы бойынша заңға өзгеріс енгізуге мүдделі.

Әділет министрлігі әділет органдарының жоспардан тыс тексеру жүргізу процедурасы бойынша заңға өзгеріс енгізуге мүдделі

Бұл туралы бүгін елордада өткен «ҚР-дағы зияткерлік меншік құқықты соттың қорғауы: соңғы тенденциялары және келешегі» атты халықаралық конференция барысында ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымы Лиза Стамбекова мәлім етті.

Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізуге байланысты бірқатар проблемалар бар екендігін баса айтқан ол: «Тексеру жүргізу барысында біз жоспарлы және жоспардан тыс тексеру қамтылған «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңды басшылыққа аламыз. Жоспардан тыс тексеруді нақты өтініш бойынша жүргіземіз. Заңға сәйкес әділет органдары тексерілетін субъектіге тексерудің өтуіне 1 күн қалғанға дейін ескертуге міндетті», - деді ол.

Л.Стамбекованың пайымдауынша, бұндай жағдайда құқық бұзушылықты анықтау қиындық тудырады.

«Біздің көзқарасымызша, әділет органдарының жоспардан тыс тексеру жүргізу процедурасы бойынша Заңға өзгеріс енгізу қажет», - деді комитет төрайымы.