Әділет министрлігі әкімдіктермен бірлесіп ардагерлердің төлқұжаттарын тегін ресімдеуде
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті әкімдіктермен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Қазақстан Республикасының төлқұжаттарын тегін ресімдеуді ұйымдастыруда,
деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында жеке бір тарау ардагерлерге қамқорлық жасау мәселесіне арналған. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы - біздің ортақ таризымыздағы маңызды атаулы күн», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Министрліктің баспасөз қызметі сондай-ақ, барлық ардагерлердің жеке куәліктерін тегін ала алатындарын хабарлап отыр, себебі олар мемлекеттік баж салығынан босатылған. Құжаттандыру және халықты тіркеу бөлімдерінің қызметкерлері ардагерлердің үйлеріне барып, құжаттарды ресімдеуде.