Әділет министрлігі алимент өндіріп алатын сот орындаушыларына ақыны арттырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі жеке сот орындаушыларына алимент және жалақыны өндіріп алу бойынша қызметтеріне ақы көлемін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдануына байланысты қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1053 қаулысына өзгерістер енгізуге бастама жасады, онда жеке сот орындаушыларының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдаумен байланысты қызметінің ақысын 5-тен 15 АЕК көбейту ұсынылған», - делінген министрлік ақпаратында.

Айта кетейік, елімізде 1 айлық есептік көрсеткіш 2269 теңгеге тең.

Соңғы жаңалықтар