Әділет министрлігі ертең елордада «Шапағат-2011» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды
Аталмыш шараны Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Білім және ғылым, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерімен бірлескен түрде жүзеге асырмақ.
Жиын барысында Әділет, Білім және ғылым, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрлерінің, Еуразиялық патенттік ұйым Президенті А.Н. Григорьев мырзамен және ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрайымымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Салтанатты шараға қатысушылар онда «Болашақты жоспарлау» атты көрмені тамашалай алады. Іс-шара елдің өндірістік-экономикалық дамуындағы инновациялық жаңалықтарды енгізу, өнеркәсіптік меншік саласындағы үздік жетістіктерді насихаттау және осы салаға инвестиция тарту мақсатын көздейді. Марапаттауға арналған салтанатты кеш қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концертпен аяқталады.