Әділет министрлігі контрафактілік өнімдермен күресті күшейтуі керек - Мәжіліс депутаты
АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Әділет министрлігі контрафактілік өнімдермен күресті күшейтуі керек. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы депутат Рахмет Мұқашев осылай мәлім етті.
«Әділет министрлігінде авторлық және аралас құқықтарды реттеу, өнеркәсіптік меншік саласында белгілі бір алға жылжушылықтар баршылық. Алайда, біз әлі күнге дейін контрафактілік өнімдердің кеңінен таралуына әлі күнге куә болып жүрміз. Оның ішінде базарлар маңында пираттық аудио-бейнеөнімдер әлі де таралуда», - дейді депутат. Осыған орай, Мәжіліс депутаттары мұндай құбылыстың алдын алу мен онымен күресте барынша әрекетті шараларды қамту керек деп санайды.