Әділет министрлігі қылмыстық заңнаманы ізгілендіруді ұсынып отыр

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Әділет министрлігі сотталғандар мен түрмедегі азаматтардың санын кеміту мақсатында бас бостандығынан айыру жазасына балама болатын жазалау шараларын кеңінен қолдануды ұсынып отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбеттің айтуынша, министрлік сонымен қатар орта деңгейлі қылмыстарды әкімшілік құқықбұзушылықтар қатарына енгізу арқылы қылмыстық заңнаманы ізгілендіруді дұрыс деп тауып отыр. «Бұған қоса біздіңше, қылмыстық атқару жүйесі қамаудағыларға қажетті жағдайлар жасап, оларды қорғаумен ғана айналысуы қажет. Ал сотталған азаматтарды бір мекемеден екінші мекемеге ауыстыруды өзге орган жүзеге асырғаны жөн. Сондай-ақ сотталғандарға жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі арызын тікелей сотқа жолдау құқын беру керек. Бұл бағыттағы жұмыстарға бас бостандығынан айыру орындарының әкімшілігі араласпауы қажет», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар