Әділет министрлігі лицензия беру тәртібін реттейтін қаулыны Үкіметке ұсынды

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ҚР Әділет министрлігі лицензия беру тәртібін реттейтін қаулыны Үкіметке ұсынды.

Әділет министрлігі лицензия беру тәртібін реттейтін қаулыны Үкіметке ұсынды

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.

Қазақстанда баламалы түрде жеке сот орындаушылары институтының құрылатындығын еске салған Е.Ерімбет: «Әділет министрлігі лицензия беру тәртібін реттейтін Үкімет қаулысын дайындады. Жақын арада оған еліміздің Премьер-Министрі қол қояды», - деді ол.

Министрліктің ресми өкілі атап көрсеткендей, аталған Үкімет қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап, 21 күннен кейін күшіне енеді. Осыған байланысты үміткерлердің лицензия алу туралы өтініштері осы жылдың наурыз-сәуір айларында қабылданатын болады. Ал лицензияларды берудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылады.