Әділет министрлігі сотталғандарға рақымшылық жариялауға әлі ертерек деп санайды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Әділет министрлігі еліміздегі құқық қорғау органдарында реформаның жүргізілуіне байланысты сотталғандар үшін рақымшылық жариялауға әлі ертерек деп санайды. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.
None
None

Ресми өкілдің айтуынша, Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, бүгінгі күні заңнамаларды ізгілендіру, қылмыстарды криминалсыздандыру жұмыстары атқарылып жатыр. «Осыған орай, Әділет министрлігі елімізде амнистия жариялауға әлі ертерек деп санайды», деді министрлік өкілі.

Сонымен қатар, Е. Ерімбет журналистер тарапынан қойылған сауал бойынша Қарағанды облысындағы түрмеде орын алған оқиғаларға да түсінік беріп өтті.

«Қыркүйектің 20-сында Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК 159/7 мекемесінде түрмедегі 8 жазасын өтеуші өздеріне дене жарақаттарын салған. Қазігі күні олардың денсаулығы тәуір. Ал олардың әрекетіне келетін болсақ, сотталушылар заңсыз талаптарды алдыға тартқан. Мәселен, олар кезекшілікті жоюды, түзеу мекемесіне еркін жүріп-тұруға жағдай жасауды, сондай-ақ сәлемдемелерге шектеуді алып тастауды сұраған. Бұндай талаптардың барлығы Қылмыстық-атқару кодексімен реттеледі және ондайларға шектеу шаралары салынған. Қазір қызметтік тексерулер жүргізілуде», деді Е. Ерімбет.

Соңғы жаңалықтар