Әділет министрлігінде қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің тәртібін нығайту мәселесі талқыланды
АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Қазанның 13-де Әділет министрлігінде облыстық қылмыстық-атқару жүйесі мен ведомстволық оқу мекемелері басшыларының қатысуымен өткен республикалық селекторлық кеңесте пенитенциарлық жүйенің жеке құрамының ішіндегі тәртіпті нығайту мәселесі талқыланды,
деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.
«Сыбайлас жемқорлық құбылыстарымен мәмілесіз күресу және өз қатарымызды алақол қызметкерлерден тазарту жұмыс жалғасын табады. Бұл Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түбегейлі ұстанымы, ал жол берілген тәртіп бұзушылықтар үшін бірінші басшылар өз бастарымен жауап береді», деп атап көрсетті Комитет төрағасы Мейрам Аюбаев өз сөзінде.