Әділет министрлігінің өкілдері зияткердік меншікке қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік комитетінің ұйымдастыруымен шығармаларға деген құқықтарды тіркеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырыс өтті.
None
None

Қыркүйектің 28-індегі мәліметтерге қарағанда, комитеттің реестрінде шығармаларға деген 1 мың 472 құқық тіркелген. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп болып отыр. Шығармаларға деген құқықтарын тіркеушілер санының көптігіне қарамастан «Авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтар туралы» заңын қолдану барысында тіркеуге ұсыныс беру мәселесіне байланысты бірқатар кемшіліктер анықталған. Бұл кемшіліктер көбіне заңды жете білмегендіктен және оның дұрыс түсіндірілмегендігіне байланысты туындаған. Осыған себепті отырысты ұйымдастырушылар басқосуда аталмыш кемшіліктер мен заңның жекелеген баптары жөнінде өзара пікір алмасты. Шараға жазушылар, сәулетшілер, композиторлар одағы мен оқу орындарының және баспаханалардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар