Әділет министрлігінің өкілі жетім балаларға арналған кәсіби лицей-интернатының ұжымымен кездесті
деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әділет министрлігінің өкілі өз сөзінде әлеуметтік және экономикалық саланы дамыту мәселелеріне ерекше тоқтала отырып, Жолдаудың әрбір тармағының мәні мен мағынасын егжей-тегжей түсіндірді.
Атап айтқанда, Үкімет жұмысының ең басты әрі шешуші нәтижесі халықтың әл-ауқатын сапалы өзгерту болатыны атап айтылды. Ең алдымен, бұл күнкөріс деңгейі төмен тұрғындар санын 8 пайызға дейін азайтады және жұмыссыздық деңгейін тұрақтандырады, яғни 2020 жылы 5 пайыздан аспайды.
А.Есқараев өз сөзінде сондай-ақ, 2010 жылы индустриялық-инновациялық кешенді, білім беру мен денсаулық сақтауды, тілдерді қалыптастыруды жедел дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, Президентке қол қоюға енгізілетінін атап айтты.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларға Мемлекет басшысының Жолдауы мен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында басты басымдық ретінде индустрияландыру үшін қажетті жаңа экономикалық негіз құру анықталғаны, бұл қазақстандық бизнесті кең ауқымда қолдайтыны және кәсіпкерліктің жаңа толқынын жасау үшін жағдай жасайтыны туралы хабардар болды. Бұл, өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға жетелейтін күш болмақ.
Кездесу соңында Есқараев мұндай лицей ашу Президенттің қамқорлығы мен олар жәй ғана орта білім туралы аттестат емес, мамандық алып шығу үшін жетім балаларға арналған оқу орындарын ашу туралы идеясы арқылы мүмкін болғанын атап өтті.
Жетім балаларға арналған бұл лицей-интернаты былтыр Елбасының қатысуымен Астана күні ашылған болатын.