Әділет министрлігінің сот актілерін орындау қызметі өз міндеттерін 7 пайызға асыра орындады

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Әділет министрлігінің сот актілерін орындау қызметі өз міндеттерін өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға арттыра орындады.
None
None

Бұны бүгін журналистермен болған брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет айтты.

Оның сөзіне қарағанда, атқару өндірісі Әділет министрлігінің құзырына өткеннен кейін, Сот актілерін орындау комитетінің қызметінде едәуір ілгерілеушілік байқалды. Айталық, биылғы жылдың 1-ші тоқсанында өндірісте құны 786,8 миллиард теңгенің 468 мың 828 атқару құжаттары жатқан болса, Олардың 178 мың 288-і, яғни 36,6 пайызы аяқталған. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 7 пайызды құрап отыр. «Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде құны 318,8 миллион теңгенің санкциясы мемлекет пайдасына шешілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 26,8 миллион теңгеге немесе 9 пайызға көп», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар
Референдум