«Әділет» партиясы дағдарыстан құтылудың бір жолы ретінде «Халықтық кәсіпорындар» құруды ұсынады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Әділет» партиясының өкілдері дағдарыстан құтылудың бір жолы ретінде «Халықтық кәсіпорындар» құруды ұсынады. Бүгін Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізген партия өкілдері осындай көзқарастарын білдірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Партия өкілдерінің айтуынша, ауылдықтар өздігінен жаңа техника мен технологиямен жабдықталған кәсіпорындар құра алмайды. Сондықтан облыс әкімдері аграрлық мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа кәсіпорындар құру үшін ұсыныстар топтамасын әзірлеп, Үкіметке ұсынуы керек. Осылар арқылы Үкімет жаңа өнеркәсіп орындарын ашу мен оларды қаржыландыру көздерін анықтауы тиіс. Үкімет мемлекетік үлесі 100 пайыздық «Халықтық кәсіпорын» ААҚ-ын құрып, оның бөлімшелері әр аудан, облыстарда жұмыс істеуі қажет. Оны «Самұрық-Қазына» қоры немесе зейнетақы қорлары арқылы қаржыландыру қажет. Бұл жобаның басты мақсаты - шикізатты өңдеу мен бәсекеге қабілетті өнім шығару. Ал кәсіпорындар әр облыстың мүмкіндігіне орай 1 жыл мезім ішінде құрылатын орта кәсіпорындар болуы тиіс.Әділеттіктердің айтуынша, мысалы 2,5 миллиард теңгеге заманауи талаптарға сай ет өңдеу зауытын салуға болады. Сондай-ақ ел аумағында 10 жаңа ет өңдеу, 10 сүт өндіру, 10 жүн өңдеу зауытын ашу қажет. Әділет партиясы төрағасының орынбасары Сырым Мұхаметжановтың айтуынша, Қазақстан аумағында 100 «Халықтық кәсіпорын» құруға болады.
Соңғы жаңалықтар