17:38, 19 Шілде 2024 | GMT +5
Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова Париж қарсаңындағы жаттығу жиынын аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM – Жүзуден Қазақстан құрама командасының мүшелері Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова Олимпиада алдындағы жаттығу жиындарын тәмамдады.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандастарымыз жаттығу жиынын Түркияның Белек қаласында өткізді.
Спортшылар жақын арада Олимпиада ойындарына қатысу үшін Франция астанасын бетке алады.
Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін Олимпиаданың ашылу салтанатына қанша спортшымыз қатысатынын жазған едік.