Әділбек Өмірәлиев Qazaq Air басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарады

әділбек өмірәлиев
Фото: QAZAQ AIR баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM - QAZAQ AIR басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы тағайындалды. 

21 мамырдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ шешіміне сәйкес «QAZAQAIR» АҚ басқарма төрағасының міндетін уақытша атқару «QAZAQ AIR» АҚ басқарма мүшесі — қаржы директоры Әділбек Жұмабайұлы Өмірәлиевке жүктелді.

Әділбек Өмірәлиев 2010 жылдан бастап «Самұрық — Қазына» АҚ-ның активтерді басқару салалық блогында жұмыс істеді және қордың кадр резервіне кірді.

2019 жылы ол «QAZAQ AIR» АҚ-ның қаржы директоры — басқарма мүшесілауазымына ауысты. 

2007-2009 жылдары «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ және «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінде жұмыс істеген. 

Әділбек Өмірәлиев М. Ломоносов атындағы ММУ қолданбалы математика және информатика мамандығы бойынша білім алып, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.

European University Business School білім ордасында халықаралық бизнес мамандығы бойынша МБА дәрежесін алды, сондай-ақ ол IATA бағдарламасы бойынша Airline Management дипломының иегері.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын Qazaq Air басшысы Нұрлан Жақыповтың қызметінен кеткенін хабарлаған едік. 

QAZAQ AIR — IOSA халықаралық қауіпсіздік стандарты бойынша сертификатталған қазақстандық өңірлік авиатасымалдаушы.

Әуекомпания IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығының ресми мүшесі. 

2015 жылы QAZAQ AIR әуекомпаниясы бәсекелестік ортаға беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгізілді.

2022 жылдан бастап операциялық табыстылыққа қол жеткізгеннен кейін оны жекешелендіру белсенді түрде жүргізіле бастады.  

 

Соңғы жаңалықтар