Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындары аясындағы кураш жарысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Грек-рим күресі шеберлері Азия чемпионатын 1 алтын, 3 қоламен аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ерлер арасында 81 келі салмақта ширек финалдық белдесулер өтті.

Әділет Ахметғали Тайпей өкілі Хе Сунгты 10:0 есебімен жеңді. Осылайша, отандасымыз жартылай финалына жолдама алды. Финалға шығу үшін, Әділет Ахметғали Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен белдеседі.

Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Осыған дейін ұлттық құраманың 28 қыркүйектегі жарыс кестесін жарияладық.