Әділет Алмат дзюдодан Азиаданың финалына шығу үшін бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сынға түсті.

а
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында моңғолиялық Оюунчимэг Шинэбаярмен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша Әділет Алмат Азиаданың финалына шығу үшін бақ сынайды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы Абубакр Шеров (Тәжікстан).

Бұдан бұрын дзюдодан Ажар Асхат Азиаданың ширек финалына өткенін жаздық.