Әділет министрі жаңадан тіркеліп жатқан партияға қатысты түсінік берді

Әділет министрі жаңадан тіркеліп жатқан партияға қатысты түсінік берді
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Әділет министрі Азамат Есқараев жаңадан тіркеліп жатқан партия туралы айтты.

«Қазір елімізде жеті партия тіркелген. Сонымен қатар Yntymaq партиясын тіркеуге қатысты Әділет министрлігі тиісті рұқсатын берді. Олар бұл бағыттағы келесі сатыға өтіп, партияны құру жұмыстарын жалғастырып жатыр», - деді А.Есқараев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салсақ, былтыр наурызда Мәжіліс депутаттарын сайлау науқанына елімізде ресми тіркелген 7 партияның барлығы қатысты.

Соңғы жаңалықтар