Әділет министрлігі шетелдік компаниялармен байланысты 5 істе жауапкер болады

Әділет министрлігі
Коллаж: Canva/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Әділет министрлігі шетелдік компаниялармен 5 сот ісі бойынша жауапкер болады.

Ведомствоның нақтылауынша, шетелдік тұлғалардың қатысы бар сот істерінің басым бөлігі зияткерлік меншіккке қатысты. 2021 жылы мұндай - 2, 2022 жылы - 3, 2823 жылы 8 талқылау болған. Мәслен,«Данон Россия» АҚ компаниясы «Матроскина мысығы» мультипликациялық кейіпкері бейнесін пайдалану бөлігінде авторлық құқық мәселесін даулаған еді. 

Соңғы жылдары келесі компаниялар бойянша мынадай сот даулары туындады: 

• 2021 жылы «Негаргаран Санат Сахтэман Парадазэ Рахам» ЖШС (Иран);
• 2021 және 2023 жылдары Monster Energy Company (АҚШ);
• 2022 жылы «Квинта Ассет» ААҚ (Ресей);
• 2022-2023 жылдары «Данон Россия» АҚ (Ресей);
• 2022-2023 жылдары «Жировой Комбинат» ААҚ (Ресей);
• 2023-2024 жылдары Berlin-Chemie AG (Германия);
• 2023-2024 жылдары Selena Marketing International Sp. z o.o (Польша);
• 2023 жылы NSAR General Trading (Біріккен Араб Әмірліктері;
• 2023-2024 жылдары Belal Mohammad Al – Hamwi (Сирия);
• 2023 жылы «Напитки из Черноголовки-Аквалайф» ААҚ (Ресей);
• 2024 жылы «Волма» ААҚ (Ресей;
• 2024 жылы Rolex SA (Швейцария).

Әділет министрлігі зияткерлік меншік мәселелерімен байланысты әкімшілік актілерді даулау бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да әдеттегі тәжірибе екендігін атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар