Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Әділет» партиясы туралы жалған ақпарат таратқандарға қатысты тергеу басталды

АСТАНА. KAZINFORM — 4 тамызда жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында «Әділет» саяси партиясының қызметіндегі тексеру нәтижелері мен анықталған бұзушылықтар туралы Бас прокуратураның баспасөз хабарламасы жарияланды. 

жалған хабарлама
Фото: ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бұл көрінеу жалған ақпарат, Бас прокуратура мұндай сипаттағы хабарламаны жарияламаған, тексеру жүргізбеген.

Көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің
3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

— «Масс-медиа туралы» және «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңдарына сәйкес журналистер мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар ақпараттың анықтығын тексеруге және ол жалған әрі құқыққа қайшы болған жағдайда оны таратпауға міндетті, — делінген хабарламада.

Осыған байланысты Бас прокуратура заңнаманы сақтауға, жалған және құқыққа қайшы ақпарат таратпауға, ведомстволық интернет-ресурста орналастырылған Бас прокуратураның тек ресми хабарламаларына сенуге шақырады. 

Айта кетелік жалған ақпаратқа қарсы орталық жарты жылда 68 фейкті жоққа шығарды