Әділетхан Молдахан 10 күнге қамауға алынды — полиция

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы полициясы заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханды ұстау мерзіміне байланысты түсініктеме берді. 

Әділетхан Молдахан
Фото: instagram / adiletkhan

Қалалық полиция департаменті сот қаулысымен ол 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын атап өтті.

— Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді, — деп түсіндірді полициядан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан ұсталғанын жазғанбыз.

Оған қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ бүгін Алматы полициясының бұрынғы тергеушісі қылмысты жасырғаны үшін сотталғаны белгілі болды. Тергеуші 14 қылмыстың жасалғаны туралы мәліметтер қолында бола тұра, оларды тіркеуді қасақана жасырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзған.

Соңғы жаңалықтар