"Адреналин" байкклубының мүшелері ай мен жердің арасындай қашықтықты 85 рет жүріп өтті - Әскер Азизов

АЛМАТЫ. 25 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Шымкенттегі "Адреналин" байк клубы мүшелерінің жүріп өткен жолдарының ұзындығы жыл сайын 20 мың шақырымға ұзарып келе жатыр.

"Адреналин" байкклубының мүшелері ай мен жердің арасындай қашықтықты 85 рет жүріп өтті - Әскер Азизов

Бұл жөнінде клуб жетекшілерінің бірі саналатын Әскер Азизов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Қазіргі байкерлердің көзқарасы мен дүниетанымы мүлде өзгеше. Біз бұрын оған спорттың бір түрі ретінде қарап, бейбітшілікті насихаттау құралы деп түсінетінбіз. Бүгінгі жастар байкер болуды көңіл көтеру түрі деп санауда. Сондықтан да онымен кәсіби түрде айналысып, халықаралық және құрлықтық деңгейдегі жарыстарға қатысып, ел намысын қорғауға немқұрайды қарайтындар көбейіп бара жатыр", - дейді Әскер Азизов. Оның айтуынша, "Адреналин" байкклубының байырғы мүшелері соңғы 7 жылда ай мен жердің арасындай қашықтықты 85 реттен астам жүріп өтті. Оған олардың 2004 жылы түскен суреттерінің тұсына жазылған көрсеткіш дәлел бола алады.